Зерттеудің теориялық маңызы. Даналық концептісін соңғы жылдары ғылымдар тоғысуында пайда болған лингвомәдениеттану шеңберінде қарастыру – жаңаша көзқарастың дәлелі. Даналық концептісін туыс емес тілдерде салғастыра зерттеу дүниенің тілдік бейнесінің табиғатын барынша тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді, лингвомәдениеттану ғылымының әрі қарай дамуына өзіндік үлесін қосады. Концептілердің тілдік оқыту әдісінің талдамасын жасауға, жоғарғы оқу орындарында аударма курстарынан практикалық сабақтарда көркем шығарма мәтіндеріне филологиялық талдау жүргізуде көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.
1 Концепт лингвомәдениеттің негізгі ұғымы
1.1 Концепт ұғымына теориялық сипаттама
1.2 Тілдік бейнедегі концептің алатын орыны және тілдік құралдар арқылы вербалдануы
2 Қазақ және ағылшын лингвомәдениеттеріндегі «даналық» концептісі
2.1 Қазақ және ағылшын лингвомәдениеттеріндегі «даналық» концептісінің вербалды амалдар арқылы берілуі
2.2 Қазақ және ағылшын тіліндегі «даналық» концептісіне лингвомәдени талдау жасау
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі